×

4 пайыздық автонесиеге екі банк қана өтініш қабылдайды

82 миллирад теңгеге 10 888 өтінімді мақұлдап, 4 847 көлік берілді

 Дастан Жұмабекұлы 21.06.2022 | 17:14
фото: Нұрдәулет Әбікеев

Индустриялық даму қоры 4 пайыздық жеңілдетілген автонесие бағдарламасын қаржыландыру бойынша Еуразиялық банк пен Қазақстан Халық банкіне кезекті транштарды бөлгенін хабарлады.

Евразиялық банкке 10 миллиард теңге, Қазақстан Халық банкіне 7,5 миллиард теңге бөлінді. Бағдарлама бойынша банктерге барлығы 90 миллиард теңге аударылды. Бүгінде  банктер жалпы сомасы 82 миллирад теңгеге 10 888 өтінімді мақұлдап, 4 847 автокөлік берді. 90 миллиард теңгенің бөлінбеген лимиті - 8 миллирад теңге.

Осы сомаға автонесие алуға өтінішті тек «Еуразиялық банк» АҚ мен «Қазақстан Халық банкі» АҚ қабылдайды. Бағдарламаға қатысушы қалған банктер бөлінген лимиттерді толығымен игерді, - делінген хабарламада.

Бұған дейін банктер жеңілдетілген автонесие бағдарламасына өтінім қабылдауды тоқтатқан болатын.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама