Halyq Uni логотип
×

Қарағандыда бас есепші 90 млн теңгеге жуық қаржыны жымқырған

Оның 13 миллионы өтелді

 Еркеғали Болатұлы 21.06.2022 | 16:33
Қарағандыда бас есепші 90 млн теңгеге жуық қаржыны жымқырған
фото: ашық дереккөз

Қаржылық мониторинг агенттігі Қарағанды облысы бойынша аумақтық департаментінің қызметкерлері тергеу барысында қаладағы бір оқу орны бас есепшісінің 90 миллионға жуық теңгені ұрлағанын анықтады.

Ол былтырғы қаңтардан биылғы мамыр айына дейін жалақы, денсаулығын жақсарту және уақытша еңбекке жарамсыздық бойынша жәрдемақы түріндегі негізсіз сомаларды оңды-солды аударып отырған. Атап айтқанда, өзінің, есепші мен директор орынбасарының, 2 өндірістік үй-жайларды тазалаушы және мекеменің бейіндік бағыты оқытушысының шотына жіберіп келген.

Өзінің қызмет бабын пайдаланып, бөтеннің сеніп тапсырған мүлкін аса ірі мөлшерде ұрлау мақсатында жасалған бұл қылмыстық әрекеттен келген жалпы шығын 88 миллион теңгені құрап, қазір оның 13 миллионы өтелді.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама