Ол 9 жаста болған
Павлодарда Ұлттық ұланның қызметтік иттерінің үздік бестігіне кіретін №5512 әскери бөлімінің Арес лақап есімді иті өлді, деп хабарлайды Ұлттық ұлан «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі.
Арес 100-ден аса қылмысты ашуға және 100 мыңнан аса есірткіні табуға көмектескен. Ұлттық ұлан сарбаздары Арестің адал қызмет еткенін атап өтті.