100-ден аса қылмысты ашуға көмектескен ит өлді
Ол 9 жаста болған
Дәурен Ерболат
21.06.2022 | 09:27
Павлодарда Ұлттық ұланның қызметтік иттерінің үздік бестігіне кіретін №5512 әскери бөлімінің Арес лақап есімді иті өлді, деп хабарлайды Ұлттық ұлан «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі.
Арес 100-ден аса қылмысты ашуға және 100 мыңнан аса есірткіні табуға көмектескен. Ұлттық ұлан сарбаздары Арестің адал қызмет еткенін атап өтті.