×

Петропавл тұрғыны гаражынан граната тауып алды

Жарылғыш заттармен айналысатын мамандар келгенше зейнеткер затты сыртқа алып шыққан

 Қанат Атаманов 21.06.2022 | 05:30
Фото: inform.kz

Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаментінің хабарлауынша, 61 жастағы Петропавл қаласының тұрғыны сатып алған гаражын тазалап жүріп, металл кастрюльден гранатаға ұқсас зат тауып алған.

Қария бірден «102» арнасына қоңырау шалып, полицияға қауіпті зат туралы хабарлаған. Жарылғыш заттармен жұмыс істейтін техник мамандар келгенше зейнеткер затты сыртқа алып шыққан. Анықталғандай, табылған зат F-1 оқу гранатасы болып шықты.

Күдікті зат тауып алған жағдайда, дереу полицияға хабарлау керек. Ешқашан қауіпті затты орнынан жылжытуға тырыспаңыз. Мұндай әрекет қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін екенін есте сақтаңыз. Сондай-ақ, қару мен оқ-дәріні өз еркімен тапсыру қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатады, - деп ескертеді полиция өкілдері. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

«Әурет жерін ұстаған»: Ақтауда ер адам 8 жастағы қызды азғындамақ болған (ВИДЕО)

Қыз бен оның туысы мектептен келе жатқан. Ал ер адам оларды аңдып, үйдің жанында күткен
06.10.2022 | 03:02

Жамбыл облысында 5 күн бұрын жоғалған әйел жазық даладан табылды

Жоғалған әйелді іздеуге Сарысу аудандық полиция бөлімінің барлық жеке құрамы жұмылдырылды
05.10.2022 | 23:41

Ресей келесі кезекте Қазақстанды көздесе, бізге кім көмектеседі?

Ресей президенті Владимир Путин бүгін Украинаның ішінара басып алынған төрт аймағын Ресей құрамына қосу туралы конституциялық заңға қол қою арқылы аннекцияның формалдық процесін аяқтады. 
05.10.2022 | 22:24

Қайын ағасы келінін зорламақ болған: Жаға ұстатарлық жағдайға қатысты сұмдық деректер айтылды

Ауыр соққыға жығылған әйелге ота жасалып, көк бауыры алынып тасталды, қазіргі таңда мүгедек болып қалған
05.10.2022 | 21:30