Ел конституциясына 1992 жылдан бері 15 рет өзгеріс енгізілген
Өзбекстанда конституцияға өзгерістер енгізу бойынша референдум өткізілмек. Бұл туралы президент Шавкат Мирзиеев хабарлады.
Мемлекет басшысының баспасөз қызметі бүгінде арнайы комиссия конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын әзірлегенін мәлімдеді. Ел парламенті негізгі құжатқа өздігінен өзгеріс енгізе алады. Алайда, Шавкат Мирзиеев заң жобасын жалпыхалықтық рефрендум арқылы қабылдауды ұсынды.
Конституциялық реформаны халықтың пікіріне және қолдауына сүйеніп өткізсек, халқымыздың өз еркін білдіруі – нағыз халықтық конституция болады, - дейді Өзбекстан басшысы.
Айта кетсек, бұған дейін Мирзиеев 2022 жылдың желтоқсанына дейін конституцияны жаңарту туралы бастама көтерген болатын. Мамырдың соңында парламент коституциялық комиссия құрды. Мамандар негізгі заңға енгізілетін түзетулерді әзірледі. Өзбекстан басшысы конституциядан өлім жазасын алып тастауды ұсынды.
Ел конституциясы 1992 жылдың 8 желтоқсанында қабылданған болатын. Осы уақытқа дейін оған 15 рет өзгеріс енгізілген.