×

Ақжарқын Тұрлыбай ісі бойынша күдікті ұсталды – адвокат

Бұған дейін Тұрлыбайдың өзіне тағылған айыпты мойындамайтыны хабарланды

 Қанат Атаманов 20.06.2022 | 21:15
Фото: ашық дереккөздерден

Ақжарқын Тұрлыбай ісі бойынша күдікті болып өтіп жатқан Нигерия азаматы ұсталды. Бұл туралы журналистерге қазақстандық адвокат Сұңқар Нұрмағамбетов хабарлады.

Алдын ала ақпарат бойынша, 2014 жылы Ақжарқын Тұрлыбайдың Қытайға сапарын ұйымдастырған күдікті – Нигерия азаматы Адиндо Нонсо Фортуне шет мемлекеттің аумағында ұсталды, - деп хабарлады Нұрмағамбетов.

Адвокат Нигерия азаматына қатысты 2015 жылы ІІМ қылмыстық іс қозғағанын еске салды.

Еске салсақ, Қытай полициясы Ақжарқын Тұрлыбайды 2014 жылы наурызда тұтқындаған. 2015 жылы маусым айында Қытай соты Тұрлыбайды өмірлік түрме жазасына кескен. 2016 жылы сәуір айында апелляциялық сот үкімнің күшін жойып, істі қайта қарау үшін бірінші инстанцияға қайтарған. Бұған дейін Тұрлыбайдың өзіне тағылған айыпты мойындамайтыны хабарланды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама