×

Адам өмірінің құны – 6 сарымсақ: күдіктілерге қатысты сот үкімі шықты

Бау-бақшада жұмыс істеген екі күзетші кісі өлтірді деп айыпталды

 Қанат Атаманов 20.06.2022 | 21:00
Фото: ашық дереккөздерден

Қостанай қаласында тұрғындардың бірі бау-бақша күзетшілеріне бірнеше сарымсақтың жоғалғанын айтып шағымданған. Күзетшілер басқа бағбанды күдіктеді. Тергеу барысында олар күдіктіні өлтіріп алған.

Белгілі болғандай, бұл қылмысты жасырмақ болған күзетшілер азаматтың басын кесіп, кейін өрттеп жіберген. Ал денесін Тобыл өзеніне апарып, қамыстардың арасында жасырған.

Сот шешіміне сәйкес, күзетшілердің бірі 8 жылға сотталды. Екіншісі қылмысты жасырғаны үшін кінәлі деп танылып, 2 жылға бас бостандығынан айырылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама