Ал 23 маусымда Мемлекет басшысы Ақордада Қазақстан шахмат федерациясының өкілдерімен және отандық танымал шахматшылармен кездесетіні хабарланды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ертең Қатарда өтетін экономикалық форумға қатысады.
Ертең, 21 маусымда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар Әмірі шейх Тамим бен Хамад Әл Тәнидің жеке шақыруымен Дохада өтетін «Жаһандық экономиканы қалыпқа келтіруде теңдікке қол жеткізу» атты екінші Қатар экономикалық форумына қатысады, - делінген Ақорда баспасөз қызметінің хабарламасында.
Ал 23 маусымда Мемлекет басшысы Ақордада Қазақстан шахмат федерациясының өкілдерімен және отандық танымал шахматшылармен кездесетіні хабарланды.