×

«Жаңа Қазақстан» жобасына 10 млн-ға жуық теңге бөлінеді

2 минуттан 1 сағатқа дейін бейнероликтерге тапсырыс беріледі

 Дастан Жұмабекұлы 20.06.2022 | 13:57
фото: ашық дереккөз

 «Жаңа Қазақстан» жобасына 10 млн-ға жуық теңге бөлінеді.

Солтүстік Қазақстан облысындағы мемлекеттік сатып алу туралы порталда «Екінші Республика. Жаңа Қазақстан» жобасы аясында бейнероликтер мен сюжеттер түсіруге 9  млн 750 мың теңге бөлінген.

Бұл сомаға Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі 2 минуттан 1 сағатқа дейін бейнероликтерге тапсырыс беруді мақсат етіп отыр. Қолда бар мәліметке қарағанда, жоба аясында ауылдың тыныс-тіршілігін түсіруге арналған 30 сюжет дайындалады.

Лот мемлекеттің тапсырыс берушілердің сайтында жазылған. Өтініштерді қабылдау 22 маусымға дейін болады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

Оқушыларға шетелге рұқсатсыз шығуға тыйым салынуы мүмкін

25 мамырда оқушылардың бір тобы Оқу-ағарту министрлігінің рұқсатынсыз Қырымға барған еді
06.06.2023 | 16:55

Қостанай облысында жол апатынан ер адам мен баласы қаза тапты (ВИДЕО)

Тағы 3 жолаушы ауруханаға жатқызылды
06.06.2023 | 16:48

Әскери мектептегі әлімжеттік: Қорғаныс министрлігі түсінік берді (ВИДЕО)

Ведомство мамандары бейнежазбаны тексерген
06.06.2023 | 16:35