Самат Әбіш қызметінен босатылды

Халық үні

Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Самат Әбіш ҰҚК төрағасының бірінші орынбасары қызметінен кетті

Фото: akorda.kz

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бірінші орынбасары лауазымын атқарған Самат Әбіш қызметінен босатылды.

Мемлекет басшысының өкімімен Самат Сатыбалдыұлы Әбіш Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары лауазымынан босатылды, – делінген құжатта.

Бұған дейін Ұлттық қауіпсіздік комитеті Самат Әбіштің демалыста екенін айтқан болатын.

САМАТ ӘБІШ

Білімі:

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің академиясы (2000);

Ресей Федерациясының СБҚ академиясы (2002).

Марапаты:

ІІ дәрежелі «Даңқ» орденімен, ведомстволық әрі мерейтойлық медальдармен наградталған;

ҰҚК Құрметті қызметкері;

2017 жылы ұлттық қауіпсіздік генерал-лейтенанты атағы берілді.

Мансабы:

2000-2006 жж. – ұлттық қауіпсіздік органдарының офицерлік лауазымдарында қызмет атқарды;

2006-2013 жж. – ҰҚК органдарының басшылық лауазымдарында қызмет етті;

2013-2015 жж. – ҰҚК төрағасының орынбасары;

2015 жылдан бастап – Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары.