Самат Әбіш қызметінен босатылды
Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Самат Әбіш ҰҚК төрағасының бірінші орынбасары қызметінен кетті
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бірінші орынбасары лауазымын атқарған Самат Әбіш қызметінен босатылды.
Мемлекет басшысының өкімімен Самат Сатыбалдыұлы Әбіш Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары лауазымынан босатылды, – делінген құжатта.
Бұған дейін Ұлттық қауіпсіздік комитеті Самат Әбіштің демалыста екенін айтқан болатын.
САМАТ ӘБІШ
Білімі:
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің академиясы (2000);
Ресей Федерациясының СБҚ академиясы (2002).
Марапаты:
ІІ дәрежелі «Даңқ» орденімен, ведомстволық әрі мерейтойлық медальдармен наградталған;
ҰҚК Құрметті қызметкері;
2017 жылы ұлттық қауіпсіздік генерал-лейтенанты атағы берілді.
Мансабы:
2000-2006 жж. – ұлттық қауіпсіздік органдарының офицерлік лауазымдарында қызмет атқарды;
2006-2013 жж. – ҰҚК органдарының басшылық лауазымдарында қызмет етті;
2013-2015 жж. – ҰҚК төрағасының орынбасары;
2015 жылдан бастап – Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары.