Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ
19 маусым сағат 12:39-да Шымкент қаласы, Абай ауданы, Қызылжар тұрғын алабы, Жеңіс көшесі мекенжайы бойынша «Шымкентқұс» ЖШС аумағында өрт туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына барған өрт сөндірушілер жұмыртқа жинақталатын қойманың жанып жатқанын анықтаған. Өрт шыққан аумақтың ауданы – 288 шаршы метр.
Құс фабрикасындағы өрт сағат 15:18-де толығымен сөндірілген. Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Қазір өрттің себебі мен келтірілген шығын мөлшері анықталып жатыр.
Оқиға орнына ө Шымкент қаласы ТЖД өрт сөндіру қызметінің 12 техникасы мен 65 қызметкері, Апаттар медицинасы орталығы филиалының 1 бригадасы, жергілікті атқарушы органдарынан 3 су тасымалдау техникасы жұмылдырылды.