×

Экс-министр Елжан Біртановқа қатысты іс сотқа түсті

Ол лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланды деген күдікке ілініп отыр

Елжан Біртанов, экс-министр

2017-2020 жылдары Денсаулық сақтау министрі лауазымын атқарған Елжан Біртановқа қатысты қылмыстық іс сотқа жолданды.

Қылмыстық іс сотқа жетті. Судья келіп түскен іс бойынша 5 тәулік ішінде жалпы немесе қысқартылған тәртіппен басты сот талқылауын тағайындау туралы не істі алдын ала тыңдауды өткізу туралы шешім қабылдайды, - деп жазылған қалалық сот хабарламасында.

Экс-министрдің адвокаты Дмитрий Куряченконың «Интерфакс-Қазақстан» агенттігі тілшілеріне берген мәліметінше, іс материалдарымен танысу аяқталды. Алайда қорғауға тағы 14 қорап пен 4 томнан аса іс ұсынылмаған.

Елжан Біртанов лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланды деген күдікке ілініп отыр. Сондай-ақ оның бұрынғы орынбасары Олжас Әбішев те тергеліп жатыр. 

БІРТАНОВ ІСІ

Елжан Біртанов Мемлекет басшысының жарлығымен 2020 жылғы 25 маусымда Денсаулық сақтау министрі қызметінен босатылды;

2020 жылғы 3 қарашада экс-министрге қатысты аса ірі көлемде бюджет қаражатын ысырап ету фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, қамауға алынды;

2020 жылғы 7 қарашада төрт айға үйқамаққа алынды;

2021 жылғы 12 ақпанда Нұр-Сұлтан қаласының тергеу соты экс-министрдің үйқамақтағы мерзімін наурыз айының соңына дейін ұзартты;

2021 жылғы 6 мамырда сот Елжан Біртановтың үйқамақ уақытын 14 маусымға дейін созды;

2021 жылғы 9 маусымда Біртановтың үйқамақ уақыты 14 шілдеге дейін созылды;

2021 жылғы 14 шілдеде сот экс-министрдің үйқамақ мерзімін 14 қыркүйекке дейін ұзартты;

2021 жылғы 14 қыркүйекте үйқамақ мерзімі 14 қарашаға дейін ұзартылды;

2021 жылғы қарашада үйқамақ мерзімі тағы 2 айға ұзартылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама