Си Цзиньпин Тоқаевты БРИКС+ саммитіне қатысуға шақырды
Президенттің осы аптадағы іс-шаралар жоспары белгілі болды
Ақорданың баспасөз қызметі осы аптада Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өтетін іс-шаралар кестесін ұсынды.
21 маусымда Мемлекет басшысы Ақордада Қазақстан шахмат федерациясының өкілдерімен және отандық танымал шахматистермен кездеседі.
23 маусымда Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан полициясының 30 жылдығына арналған салтанатты іс-шараға қатысады.
24 маусымда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің шақыруымен Жаһандық даму жөніндегі жоғары деңгейдегі «БРИКС+» диалогының саммитінде бейнебайланыс арқылы сөз сөйлейді.