Көлік аударылып қалған
Түркістан облысы полиция департаментінің хабарлауынша, Шардарада жол апатынан 3 жолаушы мен жүргізуші қаза тапты. Бір адам аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр.
Полиция BMW 5251 маркалы көлік тасжолдың оң жақ жиегіне аударылғанын анықтады.
Жол апатының мән-жайы анықталып жатыр. Жол апаты Қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-бөлігімен тіркеуге алынды. Сараптама тағайындалды.