×

Бүгіннен бастап «Бақытты отбасы» бағдарламасына құжат қабылданады

Бірақ үйді ипотекаға бір айда ғана рәсімдеуге болады

 Дастан Жұмабекұлы 20.06.2022 | 10:05
Көрнекі фото

20 маусымнан бастап екі пайыздық несиемен пәтер немесе жеке үй алғыс келген отандастарымыз «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша құжат рәсімдей алады. Бірақ бағдарлама арқылы ипотека рәсімдеуге бөлінген уақыт бір аймен шектелген.

Отбасы банкінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, азаматтар несие алғысы келсе, жергілікті атқару органдарында кезекте тұруы шарт. Екі пайыздық несиені толық емес отбасы, мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасы және көпбалалалы отбасылар ала алады,

«Ипотекаға үмітті азаматтар үйдің бағасының 10 пайызын алдын-ала төлеуге тиіс. Несиені қайтару мерзімі 18 жыл. Екі пайыздық несие бағдарламасы бойынша Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтау, Атырау, Шымкент қалаларының тұрғындарына 15 миллион теңгеден бөлінсе, Қазақстанның басқа қалаларының тұрғындары үшін тиесілі сома 10 миллион теңге болады», - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама