×

Елордада өткен марафонда 75 жастағы қария 21 шақырымды бағындырды

1 сағат 50 минут жүгірген

 Еркеғали Болатұлы 20.06.2022 | 09:58
фото: дереккөз

Елордада өткен Nur-Sultan Half Marathon-2022 жарысына қатысушылардың арасында жастармен қатар, егде кісілер де көп болды. Олардың арасында ең ұзақ қашықтықты бағындырған 75 жастағы спортшы мен марафоншы да бар.

Қала әкімдігінің ресми сайты марафонға қатысушылардың бірі Марат Балтабаев көпшіліктің назарын өзіне аударғанын жазды. Ол 75 жасында ең ұзақ 21 шақырым қашықтықты бағындырып отыр. Ақсақал үшін бұл бірінші марафон емес екен. Жүгіруді өзінің хоббиіне айналдырған.

Мен World Class атынан келдім. Жақсы жүгіріп шықтым, бірақ өте ыстық болды. Алматыда сәуір айында 1 сағат 49 минут, ал бүгін 1 сағат 50 минут жүгірдім, - дейді Марат Балтабаев.

Айта кетсек, марафонға Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды, Павлодар, Шымкенттен 4 мыңнан аса әуесқой спортшы, сондай-ақ әлемнің 24 елінен, оның ішінде Ресей, Украина, Қырғызстан, Өзбекстан, Беларусь, АҚШ, Оңтүстік Корея, Ұлыбритания, Германия, ОАР, Эфиопиядан және Жаңа Зеландиядан қатысушылар келді.

Жарыс 21.1 шақырым, 10 шақырым және 10 шақырым скандинавиялық жүріс қашықтығында өтті.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама