Молдова ресейлік телеарнаға тыйым салды
Ол 24 маусымнан бастап күшіне енеді
Молдова президенті Майя Санду елде Ресей телеарналарына тыйым салды.
Бұл туралы «Украинская правда» хабарлады.
Молдова президенті осыған орай Ресей жаңалықтарын, ақпараттық-талдау бағдарламалары мен соғыс тақырыбындағы фильмдерін трансляция жасауға тыйым салуға арналған жалған ақпараттар мен насихатқа қарсы күрес туралы заңға қол қойды.
Тыйым 24 маусымнан бастап күшіне енеді.
Қазіргі таңда елде төтенше жағдайлар комиссиясының шешімімен трансшекаралық телевидение туралы конвенцияға рұқсат етілмеген елдердің саяси және соғыс сипатындағы жаңалықтарын трансляция жасауға тыйым салынған.
Бұл тыйымның РФ-дан таратылатын хабарларға ғана қатысы бар. Ал заң күшіне енгеннен кейін бұл хабарларды трансляция жасауға толық және түпкілікті тыйым салынады.
Жаңа заңға сәйкес, енді телеарналардың лицензияларын 7 күндік мерзімге дейін алып қою қарастырылған.
Депутаттар 2 маусымда заң жобасының қабылдануы үшін дауыс берді. Оны билік басындағы «Әрекет және ынтымақ» партиясының 54 депутаты бір ауыздан қолдады.