«Путинге қыр көрсетті»: Ресейлік депутат Тоқаевтың мәлімдемесіне пікір білдірді

Халық үні

Петербордағы форумда Тоқаев ресейлік депутаттардың даулы мәлімдемелеріне наразылық білдірген болатын

фото: © Reuters

Ресей мемлекеттік думасының депутаты Константин Затулин Қасым-Жомарт Тоқаевтың Санкт-Петербургтегі экономикалық форумның отырысында сөйлеген сөзіне пікір білдірді. 

Оның айтуынша, Қазақстанның «ДХР» мен «ЛХР» аймақтарын мойындамайтыны Тоқаевтың мәлімдемесінсіз де анық болды.

«Бірақ бұл туралы Путиннің қатысуымен болған отырыста айтқаны, менің ойымша, дұрыс емес. Бұл қасындағы президентке қыр көрсету сияқты көрінді. Егер бізде достық, ынтымақтастық және серіктестік болса, онда аумақтық мәселе көтерілмейді. Ал болмаса, түрлі дүние болуы ғажап емес. Мәселен, Украинадағыдай. Осыған назар аударған жөн»,- деді ол.

Еске сала кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев Санкт-Петербургте өткен форумда ДХР мен ЛХР-дің тәуелсіздігін мойындамайтынын Путиннің көзінше ашық айтқан болатын.