×

Басшысы тергеудегі Атырау мұнай өңдеу зауытының тағы бір былығы ашылды

«Атырау мұнай өңдеу зауытына» жоспардан тыс тексеріс жүргізілді

 Халық үні 19.06.2022 | 13:55
Фото: ашық дереккөздерден

Зауыт Атырау қаласының ауасын ластаған болып шықты.

Атырау облысы бойынша Экология департаменті басшысының орынбасары Сырым Тлегеновтің сөзінше, 27 сәуір мен 26 мамыр аралығында жүргізілген тексеру барысында «АМӨЗ» ЖШС стационарлық көздерінен, өнеркәсіптік шығарындылардан, сондай-ақ химиялық талдау жүргізу мақсатында "Тухлая балка" булану алаңына ағызылатын сарқынды сулардың сынамалары алынды.

Тексеру нәтижесімен, "АМӨЗ" ЖШС-нің жылу электр орталығында орналасқан №3 қазаннан көмірқышқыл газы және №4 қазаннан азот оксиді мен азот диоксидінің шекті рұқсат берілген шығарындысынан асу дерегі анықталды. Сондай-ақ, зауыт аумағында орналасқан газ тарату шкафтарының шырағынан табиғи газдың шығуы белгілі болды. Бүгінгі күні "АМӨЗ" ЖШС қатысты жоғарыда көрсетілген деректер бойынша ҚР ӘҚБтК 328-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды, — деді Сырым Тлегенов.

Сондай-ақ ауа құрамында көмірсутегінің артық екені анықталды.

 Атырау мұнай өңдеу зауытының бұрынғы директоры зауыт қондырғыларына бөлінген қаржыны қалтасына басқан деп айыпталған болатын.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

Путин әскери қызметке қатысты Қылмыстық кодекске өзгертулер енгізді

Бұл қылмыс үшін 6 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген
24.09.2022 | 22:34

Желіде Қарағандыда болған атыстың видеосы тарады

27 жастағы күдікті ұсталды
24.09.2022 | 21:48

«Ішінде бірде-бір орыс жоқ»: Астрахань облысында қазақтарды соғысқа аттандырып жатыр

Видео авторының айтуынша, әскери жұмылдыруға алынған азаматтардың басым бөлігі қазақтар  
24.09.2022 | 19:50