×

Қостанай облысындағы ауылда тауықтар қырылып жатыр

Мамандар үй құстары Ньюкасл ауруы тарауы мүмкін деп топшылап отыр

 Халық үні 19.06.2022 | 12:01
Фото: ашық дереккөздерден

Қостанай облысының Ленино ауылында бірнеше күн ішінде барлық дерлік тауық қырылып қалды. Ауыл Федоров ауданына қарасты, Ресеймен шекараласады.

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, алғаш рет белгісіз ауру екі ай бұрын пайда болған, енді тағы қайталанып отыр, деп хабарлайды "Костанайские новости" басылымы.

Мен мекиен тауықтар мен бройлерлерді ұстаймын. Құстарға өте мұқият қараймын. Осы аптада бір жолда жиырма тауығым өлді. Көршілерімізде бір күннің ішінде барлық отыз тауығы қырылып қалды. Ертесіне таңертең менің тауықтарым өлді. Мен 50 мекиен тауықтан айырылдым, ал қазір бройлерлер де өліп жатыр. Қазір біздің ауыл мүлде тауықсыз қалды, – дейді ауыл тұрғыны Елена Едикова.

Жергілікті ветеринар бірнеше өлген тауықты сараптама жасатуға әкеткен. Оның қорытындысы бір-екі аптадан кейін белгілі болады.

Бұл жағдайға аудандағы ветстанцияның директоры Нұрлан Қыстаубаев түсініктеме берді.

Иә, құстар осы жылдың басында ауыра бастады. Дәлірек айтқанда, тауықтар. Сәуір айында жүз шақты тауық қырылды. Сараптамаға берген жоқпыз, өйткені адамдар бірден жойып жіберіп отырды, - деді ол.

Дәл осындай жағдай биыл сәуірде Қарабалық ауданында да болған. Ол кезде ветеринарлар құстар уланған болуы мүмкін деп болжаған еді. Облыстық ветеринария басқармасының мәліметінше, тауықтарда байқалған клиникалық белгілер Ньюкасл ауруына тән.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама