Дамир Исмағұлов UFC турниріндегі бесінші жеңісіне қол жеткізді
Дамир Исмағұлов Остиндегі ESPN 37-де UFC турнирінде өнер көрсетті
31 жастағы ресейлік қазақ Дамир Исмағұлов грузин текті 30 жастағы швед Гурам Кутателадзеден басым түсті, деп хабарлайды Vesti.kz .
Онда грузин Гурам Кутателадземен (12-2) жекпе-жекке шыққан. Олардың жеңіл салмақтағы жекпе-жегі үш раундқа жоспарланған болатын.
Нәтижесінде Исмағұлов төрешілердің 28:29, 29:28, 30:27 есебімен жеңіске жетті. Алайда диктор бұл жекпе-жекте Исмағұлов көпшіліктің шешімімен жеңіске жеткенін хабарлады.
UFC, мен үлкен жекпе-жекке дайынмын! Топ 15. Бұл джунглиде жаңа патша пайда болды. Ол — Қазақ! Мен UFC ережелерін білемін. Жекпе-жектерді ерте аяқтауға тырысамын. Мен аяқта тік тұрып төбелесе аламын және жақсы күресе аламын. Бірақ мен мықтыларды жеңгім келеді. UFC, бұл сізге арналған! Қазақ саған шоу көрсету үшін келді!, — деді споршы.
Гурам Кутателадзеге қарсы жұдырықтасқан Дамир Исмағұлов UFC турниріндегі бесінші жеңісіне қол жеткізді.