Президент медицина қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады

Халық үні

Мемлекет басшысының құттықтауын Ақорда сайты жариялады

Фото: ашық дереккөздерден

 Құрметті дәрігерлер, медицина қызметкерлері! Баршаңызды Медицина қызметкері күнімен құттықтаймын! Сіздер адамгершілік пен ізгілік мұраттарына қалтқысыз қызмет етіп келесіздер. Қоғамымыз дәрігер парызының ерекше мән-маңызына күн өткен сайын көз жеткізуде. Көптеген дарынды жастар осы мамандықты игеруге ұмтылып жатыр. Мемлекет медицина қызметкерлеріне жан-жақты қолдау көрсетіп, денсаулық сақтау саласын дамытуға баса назар аударады. Ұлт саулығы – Жаңа Әділетті Қазақстанды құру жолындағы мемлекеттік саясатымыздың аса маңызды бағыты. Сіздерге ерен еңбектеріңіз, Гиппократ антына адалдықтарыңыз үшін шын жүректен ризашылығымды білдіремін, - деп жазылған Президент құттықтауында.

Қасым-Жомарт Тоқаев Кемелұлы медицина саласының  қызметкерлеріне зор денсаулық, бақ-береке тілеген.