Ажар Ғиният Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының марапатын алды

Халық үні

«Дені сау ұлт» ұлттық медициналық саммиті барысында еліміздің Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният марапатталды

Фото: ДСМ сайты

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Қазақстандағы ресми өкілі Кэролайн Кларинваль Ажар Ғиниятқа ДДСҰ Еуропалық өңірлік бюросының директоры Ханс Клюге атынан марапатты табыстады. Бұл туралы ДСМ баспасөз қызметінен хабарланды.

Қазақстанның денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиниятқа Ханс Клюге атынан және ДДСҰ-ның Еуропалық өңірлік бюросының және ДДСҰ-ның Қазақстандағы офисінің барлық қызметкері атынан марапатты табыстау мен үшін үлкен құрмет. Мен доктор Ғиниятқа Қазақстандағы пандемиямен күреске қосқан зор үлесі үшін алғыс айтамын, сондай-ақ сізге және Қазақстанның денсаулық сақтау саласының барлық қызметкеріне зор денсаулық, амандық тілеймін, - дейді Кэролайн Кларинваль марапатты Ажар Ғиниятқа табыстай отырып.

Бұған дейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің медицина қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтағанын айта кету керек.