×

Атырауда найзағай түскен үй толығымен жанып кетті

Өрт сөндірушілер тілсіз жауды тек 20:45-те толық ауыздықтай алды

 Қанат Атаманов 19.06.2022 | 07:30
Фото: inform.kz

Оқиға 17 маусымда кешкі сағат 19.00 шамасында болған. Жалпы аумағы 10×11 метр болатын үйдің шатыры өртенді.

Өрттің себебі қатты жаңбыр кезіндегі найзағай салдарынан орын алған. Абырой болғанда ешкім зардап шеккен жоқ, - делінген облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департамент таратқан хабарламада.

Өрт сөндірушілер тілсіз жауды тек 20:45-те толық ауыздықтай алды. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама