Қазақстандық Гран-придің жартылай финалына шықты
Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Артем Резников (22-6) Absolute Championship Akhmat (АСА) турнирінде төртінші айқасын сәтті өткізді.
Гран-при «АСА» ширек финалында отандасымыз UFC-де өнер көрсеткен бразилиялық Дави Рамоспен (10-4) жұдырықтасты. Жеңіл салмақтағы бұл кездесу Сочиде өткен АСА 140 турнирінің басты оқиғасы болды.
Қарсыластар толық бес раунд жұдырықтасып, оның қорытындысы бойынша төрешілер жеңісті Резниковке берді. Осылайша, қазақстандық Гран-придің жартылай финалына шықты.
Айта кетсек, Артем Резников соңғы рет 2020 жылы қыркүйегінде жұдырықтасып, тегі шешен Юсуф Раисовты жеңген болатын.