Эшли Байденнің сөзіне сенбеуге негіз жоқ
Fox News телеарнасының жүргізушісі Такер Карлсон АҚШ президенті Джо Байденнің қызы Эшлидің күнделігінен үзінділер жариялағаннан кейін мемлекет басшысын адам шошырлық әрекет жасады деп айыптады.
Белгілі болғандай, Эшли Байденнің жеке жазбалары есірткіге тәуелді адамдар емделетін Палм-Бич қаласындағы (Флорида) оңалту орталығындағы кереует төсенішінің астынан табылған. Қала тұрғыны Эми Харрис 2020 жылы американдық көшбасшыны әшкерелейтін жазбалары бар күнделікті Project Veritas ұйымына 40 мың долларға сатқан.
Мен әрқашан жігіттерге құмар болдым. Жыныстық қатынасты ерте бастадым. Мені отбасы мүшелерінің бірі жыныстық жағынан қызықтырғаны есімде. Жас кезімде достарыммен жыныстық қатынасқа түстім. Бұл дұрыс емес шығар, бірақ мен әкеммен бірге душ қабылдадым, – деп жазылған күнделіктегі 2019 жылғы 30 ақпанда жазылған үзіндіде.
Такер Карлсон күнделіктің түпнұсқалығына, сондай-ақ Эшли Байденнің сөзіне сенбеуге негіз жоқ екенін атап өтті. Сондықтан оқиғаны тергеу қажет.
«Сіз бір сәтке қыздардың әкесі екеніңізді елестетіп көріңіз. Өзіңізге сұрақ қойыңыз: мұндай мінез-құлықтың оны ақтауы мүмкін бе? Жоқ. Бұл жиіркенішті. Эшли Байден әкесімен душ қабылдаған кезде оның неше жаста болғанын айтпайды. Алайда, ол мұны есте сақтайтындай ересек болған. Айтпақшы, кішкентай балалар душ қабылдамайды, олар ваннада шомылады. Өз қызымен душтағы неқылған шомылу?! Егер бұл жас баланы қорқыту әрекеті болмаса, онда бұл полицияның келуіне себеп болады», – деді жүргізуші.
Айта кетсек, өткен жылдың қараша айында АҚШ Федералды тергеу бюросының («ФБР») қызметкерлері күнделіктің жоғалуы және Америка президенті қызының жазбаларын жариялау туралы іс бойынша тінту жүргізген болатын.