×

Нұр-Сұлтанда дәмханада қызбен танысқан ер адам төрт жылға сотталуы мүмкін (ВИДЕО)

Ер адам ашуланып, әйелдің ұялы телефон тартып алған

 Қанат Атаманов 18.06.2022 | 22:00
Фото: ашық дереккөздерден

Қалалық полиция департаментіне арызданған қыз белгісіз адамның таңғы сағат 05.00 шамасында Бейбітшілік көшесінде «Айфон 11» маркалы ұялы телефонынын бәрінің көзінше тартып алғанын айтты.

Тергеу кезінде 32 жастағы жәбірленушінің дәмханаға барғаны анықталды. Сол кезде телефон ұрлап кеткен ер адаммен танысты. Дәмхана жабылғанда далаға бірге шыққан. Ер адам таныстықты әрі қарай жалғастыруды ұсынды, өзімен бірге шақырды. Бірақ қыз бас тартқан.

Ер адамның ашуланып, әйелдің ұялы телефон тартып алған. Сосын оқиға орнынан қашып кетті. Жедел-іздестіру шаралары барысында 36 жастағы қала тұрғынын ұсталды. Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 190-бабы («Тонау») бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды. Күдіктінің елорда аумағында осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр, - дейді тәртіп сақшылары.

Айта кетсек, осы қылмыс үшін 2 000 айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салу не сол мөлшерде түзеу жұмыстары немесе 1 000 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстар, я болмаса, төрт жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеу не сол мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Кінәлі адамның мүлкі тәркіленуі мүмкін.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

Қазақстан IV Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында алғашқы алтынын жеңіп алды

Әлемдік дода Түркияның Изник қаласында өтіп жатыр
02.10.2022 | 15:33

Алматыда бір отбасы жол апатынан зардап шекті

Оқиға жаяу жүргіншілер өткелінде болды
02.10.2022 | 14:22

Аймағамбетов мұғалімдерді Ұстаздар күнімен құттықтады

Білім беру саласында 500 мыңға жуық педагог еңбек етеді
02.10.2022 | 13:07

127 адам қаза болды: Индонезия президенті стадиондағы жанкүйерлердің өлімін тергеуді тапсырды

Дәрігерлердің айтуынша, өлім жағдайларының көбіне тұншығу себеп болған.
02.10.2022 | 12:04