825 шақырым. Қытай шөл далада теміржол салды (ВИДЕО)
Енді пойыз сағатына 120 шақырымға дейін жүре алады
Қытай шөл далада әлемдегі алғашқы теміржолды іске қосты. Ол елдің солтүстік-батысын қамтиды.
Табиғи ландшафттың күрделігіне байланысты теміржол желісінің құрылысы үш жарым жылға созылды. Теміржолдың ұзындығы - 825 шақырым.
Қытай билігі құмды дауылдардан жолды қорғау үшін бес көпір салды және 13 миллион бұталар мен ағаштар отырғызылды. Енді пойыз сағатына 120 шақырымға дейін жүре алады.