×

Жетісу тұрғынының көлігінен құрып кету қаупі төнген өсімдік табылды

Сотқа дейінгі тергеу басталды

 Халық үні 18.06.2022 | 18:06
Фото: ашық дереккөздерден

Жетісу тұрғынының көлігінен құрып кету қаупі төнген өсімдік табылды, деп хабарлайды ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (ҰҚК) баспасөз қызметі.

13 маусымда шекарашылар мемлекеттік шекараны күзету кезінде Жетісу облысы Сарқанд ауданы "Сарқанд" шатқалы ауданында Қазақстан Республикасының азаматы басқарған "Ауди" автокөлігін тоқтатты. Автокөлікті тексеру кезінде Қызыл кітапқа енген 33 ақшыл сепкілгүл өсімдігінің тамыры табылды, - деп хабарлады сенбіде ҰҚК.

Комитетте түсіндіргендей, Үкіметтің 2006 жылғы 31 қазандағы  №1034 қаулысымен ақшыл сепкілгүл сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген өсімдік түрлерінің тізіміне енгізілген. Оны дәрі жасау үшін пайдаланады.

 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама