×

Түркияға баратын жолаушылар Алматы әуежайында бөгеліп қалды

Таңертең Антальяға ұшып шығуға тиіс болған екі жүзден аса жолаушы әуежайда бөгеліп қалды

 Халық үні 18.06.2022 | 17:44
Фото: ашық дереккөздерден

Air Astana ұшағы фюзеляждағы зақымға байланысты Алматыдан Антальяға уақытында ұшып шыға алмады. Бұл туралы әуе компаниясының баспасөз қызметі хабарлады.

Рейс таңғы 09.40-та аттануға тиіс еді. Оған 209 жолаушы тіркелген.

Air Astana әуе компаниясының Алматы – Анталья бағытындағы КС 915 рейсі ұшақтың кеш қонуына байланысты кешігіп жатыр. Ұшақ фюзеляжына бұған дейінгі рейстерді орындау кезінде зақым келген. Зақымды бағалау және жою жұмыстары жүргізілді, - делінген хабарламада.

Осыдан кейін ұшақтың ұшу уақыты 17.15-ке белгіленді.

Әуе компаниясы жолаушылардан қолайсыздық үшін кешірім сұрады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама