×

Астанада күйеуімен сөзге келіп қалған келіншек өзенге секірді

Күйеуімен ұрысып қалған әйел өзіне қол салмақ болған

 Халық үні 18.06.2022 | 16:20
Фото: ашық дереккөздерден

Нұр-Сұлтанда мас келіншек күйеуімен ұрысып қалған соң өзіне қол салмақ болған,  деп хабарлайды  қалалық ПД.

Таңертең сағат 05.14-те елорда тұрғынынан Бейсекова көшесі бойындағы көпір маңындағы өзенге құрбысы батып бара жатқаны туралы хабар түскен. Оқиға орнына келген полицейлер суда жұрген әйелді көрген. Бірнеше секунд ішінде полицейлер оқиға орнына жүзіп жетіп, батып бара жатқан әйелді ұстап алған.  Әйел өзін оғаш ұстап, көмектен бас тартпақ болған, - делінген хабарламада.

Келіншек жасы 30-да. Оған психологиялық көмек көрсетіліп, профилактикалық әңгіме жүргізілді.

 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама