×

Шымкентте 350 млн теңгеге салынған саябақ қурап қалған

Саябақ былтыр қараша айында ғана ашылған

 Халық үні 18.06.2022 | 14:53
Фото: видеодан кадр

Шымкентте былтыр ғана бюджеттің миллиондарына салынған саябақ қурап қалды. Мыңдаған түп қымбат көшет отырғызылғанымен былтырдан бері бір тамшы су көрмей солып жатыр, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Телеарнаның мәліметінше, орманшы алабындағы саябақ былтыр қараша айында ғана ашылған. Бұған дейін бұл жер қоқыс полигоны болған. Тұрғындар бес жыл жүріп, 25 жыл тұрған қоқысхана орнына саябақ салдырған. Оған бюджеттен 350 миллион теңгеден астам ақша бөлінген. Құжат бойынша Алатау деп аталатын бұл бақ гүлмен көмкеріліп, су бұрқақтар атқылап жатуы тиіс еді. Бірақ іс жүзінде көшеттер қурап қалған.

Можевельник деген 782 түбі отырғызылды, ақ қайың 108 түбі, сәлбина 293 түп, альбиса деген 562 түп, писарда деген 474 түп, уксусный деген 50 түп, осының бәрі гүлдейтін қымбат ағаштар. Ал енді сонша еңбектеніп, осынша ағаш егілгеннен кейін бірде-бір су берілген жоқ. Өнген ағаштың бәрі өлді. Осыған біз халық болып жүрегіміз ауырып, көмек сұрап, сіздерді шақырып отырмыз. Табиғатқа жасалып отырған қастандық бұл, - деді қала тұрғыны Әнипа Төртбаева.

Тұрғындардың айтуынша, жобаны көрсеткен шенеуніктер бұл саябақта бетон арықтар, су бұрқақтар мен балаларға арналған 11 ойын алаңшасы болады деген.

Қосалқы бөлшек Ресейден алынады. Ресей мен Украина арасындағы оқиғаны білесіздер, содан жаңағы бөлшектерді жеткізу кешігіп жатыр. Суғару жүйесінің бұзылған жерлері бар, оны жақын арада жасаймыз деп отырмыз.3 Ал су жүйесі жақын арада қалыпқа келтіріледі, - деді Шымкент қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасының бөлім басшысы Дархан Тұрғанбай.

Шенеуніктер алғашында уәде етілген фонтан, бетон суағар мен қосымша балалар ойнайтын алаңның жоқтығын ақшаның үнемделгенімен түсіндіреді. Ал қураған ағаштарды алып тастап, орнына күзде жаңасы егілетінін айтты. Бірақ атқамінерлердің бұл жауабына қанағаттанбаған жұрт құзырлы орындарға шағымданбақ.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

Терроризм туралы жалған ақпарат таратқан 28 адам жауапқа тартылды – ІІМ

Полицейлер заң бұзғандарды анықтау үшін шетелдік құқық қорғау органдарымен бірлесіп жұмыс істейді
03.10.2022 | 17:53

Жамбыл облысында ҰҚШҰ оқу-жаттығуы басталды

Олар 3-7 қазан аралығында болады
03.10.2022 | 17:38

Үкімет халыққа көмірді үйден шықпай-ақ ала алатын жағдай жасамақ

Жергілікті жерлерде тиісті түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет
03.10.2022 | 17:22

Солтүстік Осетия ресейліктердің Грузияға өтуіне кедергі келтірді

Өткізу бекетінде әскерге шақыру қағазын тарататын жедел топтар құрылған
03.10.2022 | 17:17