×

Жаңаөзенде мектеп оқушысын иесіз ит талады

Маңғыстау облысында итке таланған мектеп оқушысын адамдар құтқарып қалды

 Халық үні 18.06.2022 | 14:26
Фото: lada.kz

Жаңаөзен қаласында 13 жастағы қыз баланы ит талап тастай жаздады, деп хабарлайды Lada.kz.

Оқыстан болған оқиғаны тұрғындар дер кезінде көріп, жапа шегушіні құтқарып қалған.

Жаңаөзенде 13 жастағы қыз бала иесіз иттерден жапа шекті. Иттердің адамға шапқанын адамдар көріп қалып, дер кезінде құтқаруға әрекет жасаған.

Оқиға куәгерлерінің сөзінше Жаңаөзенде көшеде қаңғып жүрген иттер адамға шабуылдаған. Алайда сол маңда адамдар жүргендіктен қараусыз иттер, амалсыз қашып кеткен.

Куәгерлер ит қапқан қызды бірден аурухана жөнелтіп, тиісті ем-дом шаралары жасалған соң, аман қалды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама