Қазақстандық теннисші Анна Данилина ресейлік Анастасия Тихоновамен бірге Мадридте жүлде қоры 60 мың доллар болатын турнирде жеңіске жетті.
Бұл туралы Қазақстан теннис Федерациясының баспасөз қызметі хабарлады.
Данилина мен Тихонова бұл жарыстың бірінші нөмірлі ракеткалары болып тіркелді. Сенбі күні олар Лу Цзя Цинь (Қытай)/Ю Сяоди (Жапония) жұбына қарсы финалда өнер көрсетті.
Бірінші ойында қазақстандық-ресейлік дуэтrt жеңіске жету үшін бір брейк жеткілікті болды - 6:4. Ал екінші сетте Анна мен Анастасия қарқынын үдетіп, қарсыластарынан бірден үш ұпай алып, матчта жеңіске жетті – 6:2.
Испания астанасындағы чемпиондық атағы Данилинаның спорттық мансабындағы жұптық сайыста иеленген 26-шы титулы болды. Оның 25-інде Халықаралық теннис федерациясының (ITF) қолдауымен өткен турнирлерде жеңіске жетті. 2022 жылдың басында қазақстандық теннисші бразилиялық Беатрис Хаддад Майямен WTA 250 сериясы бойынша Сиднейде өткен турнирдің жеңімпазы атанды.
Сондай-ақ Анна бір апта бұрын жұптық сында Биаррицте (Франция) W 60 турнирінің чемпионы атанды. Ол уақытта да жарыстың бірінші ракеткалары болып тіркелген Данилина мен украиналық Валерия Страхова финалда аргентиналық Мария Лурдес Карле - ресейлік Мария Тимофеевамен бас жүлдені сарапқа салып, нәтижесінде қазақстандық-ресейлік жұп жеңіске жеткен болатын. Осылайша, Мадридтегі турнирді қоса есептегенде Анна биылғы үшінші жүлдесін жеңіп алды.