Halyq Uni логотип
×

Данилина жұптық сайыста 26-шы мәрте жеңіске жетті

Қазақстандық теннисші Анна Данилина ресейлік Анастасия Тихоновамен бірге Мадридте жүлде қоры 60 мың доллар болатын турнирде жеңіске жетті.

 Халық үні 18.06.2022 | 12:48
Данилина жұптық сайыста 26-шы мәрте жеңіске жетті
Фото: ашық дереккөздерден

Бұл туралы Қазақстан теннис Федерациясының баспасөз қызметі хабарлады. 

Данилина мен Тихонова бұл жарыстың бірінші нөмірлі ракеткалары болып тіркелді. Сенбі күні олар Лу Цзя Цинь (Қытай)/Ю Сяоди (Жапония) жұбына қарсы финалда өнер көрсетті.

Бірінші ойында қазақстандық-ресейлік дуэтrt жеңіске жету үшін бір брейк жеткілікті болды - 6:4. Ал екінші сетте Анна мен Анастасия қарқынын үдетіп, қарсыластарынан бірден үш ұпай алып, матчта жеңіске жетті – 6:2.

Испания астанасындағы чемпиондық атағы Данилинаның спорттық мансабындағы жұптық сайыста иеленген 26-шы титулы болды. Оның 25-інде Халықаралық теннис федерациясының (ITF) қолдауымен өткен турнирлерде жеңіске жетті. 2022 жылдың басында қазақстандық теннисші бразилиялық Беатрис Хаддад Майямен WTA 250 сериясы бойынша Сиднейде өткен турнирдің жеңімпазы атанды.

Сондай-ақ  Анна бір апта бұрын жұптық сында Биаррицте (Франция) W 60 турнирінің чемпионы атанды. Ол уақытта да жарыстың бірінші ракеткалары болып тіркелген Данилина мен украиналық Валерия Страхова финалда аргентиналық Мария Лурдес Карле - ресейлік Мария Тимофеевамен бас жүлдені сарапқа салып, нәтижесінде қазақстандық-ресейлік жұп жеңіске жеткен болатын. Осылайша, Мадридтегі турнирді қоса есептегенде Анна биылғы үшінші жүлдесін жеңіп алды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама