×

Тоқаев Александр Невский орденінен бас тартты

Тоқаев президенттік өкілеттік аяқталғанға дейін марапат қабылдамауға шешім қабылдады

 Халық үні 18.06.2022 | 11:11
Фото: akorda.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев президенттік өкілеттігі аяқталғанға дейін отандық та, шетелдік те наградаларды қабылдамауға шешім қабылдады. Бұл ақпаратты Ербол Еділов өзінің Telegram-арнасында жазды, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі. 

Желіде тараған хабарламаны tengrinews.kz сайтының тілшісіне Ақорданың баспасөз қызметі растады. Ербол Еділовтың мәліметінше, Ресей тарапы Қасым-Жомарт Тоқаевты Александр Невский орденімен марапаттауды ұсынған. 

«Мемлекет басшысы көрсетілген құрмет үшін алғыс айтты. Алайда, ол президенттік өкілеттік аяқталғанға дейін отандық немесе шетелдік марапаттарды қабылдамауға шешім қабылдады. Дәл сол себепті Президент жақында Бішкекке жасаған сапары кезінде Қырғызстанның бірінші дәрежелі «Манас» жоғары орденінен бас тартты», - деп жазды ол.

Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев Санкт-Петербургте өткен форумда ДХР мен ЛХР-дің тәуелсіздігін мойындамайтынын Путиннің көзінше ашық айтқан болатын. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама