Жұмыс істейтін жастар 18 млн теңгеге дейін жеңілдетілген несие рәсімдей алады
Бүгінде елордадағы жастар саны - 232 065. Оларға жан-жақты, соның ішінде тұрғын үй мәселесін шешу бойынша қолдау көрсетіліп келеді. Бұл туралы онлайн брифингте қалалық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Қайрат Қамбаров айтты, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.
Бүгінде қаланың 15 жоғары оқу орнында 62 788 студент (бакалавриат, магистратура, докторантура) білім алып жүр.
Жұмыс істейтін жастар саны – 133,2 мың.
Жұмыс істейтін жастарға арналған «Elorda zhastary» жеңілдікпен несие беру бағдарламасы бойынша өтінімдер қабылдау қазан айында басталған. Бүгінгі таңда 150 несие берілді, - деді спикер.
Естеріңізге сала кетейік, бағдарлама аясында жұмыс істейтін жастарға 18 млн теңгеге дейін жеңілдетілген несие беріледі.
Шарттар келесідей:
Сондай-ақ 3 жылдан бері тоқтаусыз «Сатып алу құқығынсыз жұмыс істейтін жастар үшін жалға берілетін тұрғын үй» бағдарламасы іске асырылып жатыр.
Биыл бағдарлама бойынша тұрғын үй алуға 4 863 адам өтініш берген. Барлығы 1050 пәтер беріледі.
Іріктеу балдық жүйе бойынша, ал пәтерлерді бөлу өтініш берушілердің отбасы құрамы бойынша жүргізілді.