Головкин мен "Канелоның" үшінші жекпе-жегі қайда өтетіні белгілі болды
Тартысты жекпе-жектің үшінші кезеңі биылғы 17 қырыкүйекке жоспарланған
ESPN және бірнеше ақпарат көздерінің мәліметінше, қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль "Канело" Альварестің кезекті кездесуі Лас-Вегастағы T-Mobile Arena өтпек.
Бұл туралы Sports.kz басылымы мәлімдеді
T-Mobile Arena-да Головкин мен Альварестің алдыңғы екі жекпе-жегі өтті. Боксшылар 2017 және 2018 жылдары кездесу өткізген. Бірінші жекпе-жек тең нәтижемен аяқталса, екінші айқас төрешілердің шешімімен "Канелоның" жеңісімен аяқталды.
Бұған дейін боксшылар екі рет жұдырықтасқан болатын. Алғашқысында тең түссе, екінші кездесуде мексикалық боксшы төрешілердің шешімімен жеңіске жеткен болатын.