«Түркістанның қазіргі келбеті – бабаларды мазақ етудің көрінісі» – сарапшы
Түркістанның ар-ождансыз және ой-қиялсыз дамуы – бабаларымыздың, хандардың, билердің, батырлардың аруағына маза бермейді
Қаржыгер Расул Рысмамбетов Түркістан қаласының құрылысын сынға алды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.
«Түркістанның дамуына ұшқыр қиял емес, тек қыруар қаржы құйылғаны мені үнемі таңғалдыратын. Онда ақылды, қиялы ұшқыр адамдарды апарғанымен, олар іліп алар жоба ұсынған жоқ, тек ақылға сыймайтын шығындарды ақтап алудың амалын жасады. Қазақта рәсуа деген сөз бар – негізсіз шығын. Бұл ақша ғана емес, ақшадан да маңызды нәрсе бар – су. Өмір беретін ылғалды буландыратын ашық арналар менің ашуыма тиеді», – деп жазды Расул Рысмамбетов.
Қаржыгердің айтуынша, су тәртібінің бұзылуы егін өнімділігін күрт төмендетеді.
«Ең сорақысы – Түркістанның ар-ождансыз және ой-қиялсыз дамуы – бабаларымыздың, хандардың, билердің, батырлардың аруағына маза бермейді. Мұны қаржыгердің айтуы оғаш естілер, алайда, қаңтар айында билеуші режимнің құлдырауы – аруақтардың алаңдаушылығының қисынды нәтижесі», – деді ол.
Рысмабетовтың пікірінше, Түркістанның қазіргі келбеті – бабаларды мазақ етудің көрінісі.