Тоқаев Путиннің көзінше ДХР мен ЛХР-ді мойындамайтынын ашық айтты (ВИДЕО)
Қазіргі заманғы құқық – бұл БҰҰ жарғысы, дейді президент
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Санкт-Петербург Халықаралық экономикалық форумында Луганск пен Донецкке қатысты өз пікірімен бөлісті.
«Түрлі пікір бар, біздің қоғам ашық. Қазіргі заманғы құқық – бұл БҰҰ жарғысы. Бірақ, БҰҰ-ның екі ұстанымы бір-біріне қарама қайшы келеді – бұл мемлекеттің тұтастығы және ұлттың өз таңдауын жасауға құқығы. Егер солай болса, бұл ұстанымдар бір-біріне қарама-қайшы, түрлі түсіндірме бар», - деді президент.
Президенттің айтуынша, ұлттың өз таңдауын жасау құқығы жүзеге асырылатын болса, онда жер шарында 500-600 мемлекет пайда болар еді.
Дәл осы себепті біз Тайваньды да, Косованы да, Оңтүстік Осетияны да, Абхазияны да мойындамаймыз. Демек, бұл принцип біздің көзқарасымызша квазимемлекеттік бірлестік саналатын Луганск пен Донецкке де қолданылатын болады - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.