×

Атырауда үстіне сорпа құйылып кеткен 9 жастағы бала қайтыс болды

Денесінің 50 пайызын күйік шалған

 Халық үні 17.06.2022 | 21:41
фото: ашық дереккөзден

Атырау облыстық балалар ауруханасында денесін күйік шалған бала қайтыс болды, деп хабарлайды nur.kz. 

9 жастағы бала аурухананың реанимация бөліміне 9 маусым күні түскен. 5 күн бойы атыраулық дәрігерлер баланың өмірі үшін күрескен. Алайда операция сәтсіз өтті.

«Баланың үстіне қазандағы сорпа аударылып кеткен. Денесінің 50 пайызын күйік шалған. Жағдайы өте ауыр болды. Нұр-Сұлтандағы мамандардан да кеңес алып отырдық. Дегенмен науқастың өмірін сақтап қалу мүмкін болмады», - дейді Атырау облыстық балалар ауруханасының травматология бөлімінің меңгерушісі Сергей Хван.

Мамандар балаларды күйік шалу көрсеткіші былтырмен салыстырғанда 1,5 есеге өскенін айтады. Мәселен, жыл басынан бері 7 бала күйіктен қайтыс болған. Олардың барлығы да ыстық суға күйіп қалғандар.

Дәрігерлердің айтуынша, бұрын жағдайы ауыр науқастарды Нұр-Сұлтандағы көпбейінді қалалық ауруханасының комбустиология бөлімшесіне жіберуге мүмкіндік болған. Ал қазір ол жерде аймақтардан келген науқастарды қабылдамайды. Өйткені аурухананың статусы қалалық деңгейде. 

«Ондағы жағдай әлдеқайда жақсы, барлық құрылғы және тәжірибелі мамандар бар. Осы мәселені бұрыннан бері көтеріп жүрміз, бірақ ешқандай нәтиже шықпай отыр. Бұл проблема барлық өңірлерде де бар», - дейді Сергей Хван.

«Балалардың күйік шалуы көп жағдайда ата-ананың жауапсыздығынан орын алып жатыр. Әсіресе кішкентай балалардың қараусыз қалуынан. Баланың денесіне тиген күйіктің ізі өмір бойы қалып қояды, өліп кетіп жатқан жағдайлар да тіркелуде. Сондықтан ата-аналар балаға абай болғаны абзал», - дейді облыстық балалар ауруханасы басшысының орынбасары Орындық Сиплова.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

Жантүршігерлік жол апаты: 2 адам қаза тауып, 7 адам ауруханаға жеткізілді

Олардың екеуі – кәмелетке толмаған балалар
25.09.2022 | 10:15

200-ден астамы қамалды: Маңғыстаудың малдары қараусыз жүр

Жануарларды соққан 3 ірі жол-көлік оқиғасы болып, 6 адам қаза тапқан
25.09.2022 | 09:31

Павлодар қаласының әкімі өзінен 10 мың теңге сұраған студентке жауап берді

Әкім студентке 10 мың теңге беруге уәде етті
25.09.2022 | 08:55

«Бейнекамераға түсірмеуді өтінді»: Атырауға бір топ ресейлік келді

Пойыздан түскендердің ішінде астрахандық қазақтар да бар: 
25.09.2022 | 07:40