×

Тоқаев ЕАЭО аясында жаңа сауда стратегиясын әзірлеуді ұсынды

Азия, Таяу Шығыс нарықтарын кеңінен қамти отырып, белсенді әрі тиімді сауда саясатын жүргізу керек

 Халық үні 17.06.2022 | 21:17
фото: akorda.kz

Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев 25-ші Петербург Халықаралық экономикалық форумында айтты. 

«Менің ойымша, жаңа шынайылықты ескере отырып, ЕАЭО шеңберінде жаңа сауда стратегиясын әзірлеумен айналысу орынды әрі пайдалы болар еді. Өнімділігі екіталай контрсанкциялардың орнына Азия, Таяу Шығыс нарықтарын кеңінен қамти отырып, белсенді әрі икемді сауда саясатын жүргізу қажет», - Мемлекет басшысы. 

Оның айтуынша, Қазақстан қандай да бір «буферлік нарықтың» тиімді рөлін атқара алады.

«Тұтастай алғанда, Еуразиялық интеграцияның түпкі жетістігі көп жағдайда, егер айтарлықтай дәрежеде болмаса, біздің ортақ сауда стратегиямыздың тиімділігіне байланысты болады», - деді президент. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама