«Қазақстан халқына» қоры құрылып, оның төрағасы болып экс-министр Болат Жәмішев бекітілді. Қоғамдық қордың қамқоршылық кеңесі сайланып, оның құрамына белгілі мемлекет және қоғам қайраткерлері, азаматтық қоғам өкілдері, меценаттар мен еліміздің беделді азаматтары кірді.
Қамқоршылық кеңес құрамына 14 адам кірді:
- Юрий Пя – «University Medical Center» КҚ басқарма төрағасы, Қамқоршылық кеңесінің төрағасы;
- Аружан Саин – ҚР бала құқықтары жөніндегі уәкіл, «Милосердие» ерікті қоғам» қайырымдылық қорының директоры;
- Бақыт Байғалиева - «ҚР орфандық аурулары бар пациенттерге көмек көрсету қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің негізін салушысы, төрайымы;
- Саида Таукелева - «Қоғамдық бақылау және мониторинг» РҚБ негізін салушысы, жетекшісі;
- Эльмира Әлиева - «Help Today» ҚҚ төрайымы;
- Ләззат Шыңғысбаева - «Менің Атамекенім» ҚБ атқарушы директоры;
- Владислав Трифонов - «Жизнь без границ» ҚБ;
- Ирина Смирнова - Мәжіліс депутаты, қоғам қайраткері;
- Роза Сүлейменова - «САТР» ЖШС бас директоры;
- Алмаз Ержан - қоғам қайраткері, мүмкіндіктері шектеулі адамдардың құқықтарын қорғаушысы;
- Ораз Жандосов - «Ракурс» экономикалық анализ орталығының директоры, экономист;
- Олжас Құдайбергенов - «Center for strategic initiatives» консалтингтік компаниясының аға серіктесі;
- Арманжан Байтасов - «Tan Media Group» иесі, меценат;
- Қайырбек Сүлейменов – ҰҚП «Атамекен» кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кеңесінің төрағасы.
«Қазақстан халқына» қорының міндеттері:
- денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік қолдау, мәдениет және спорт салаларында мемлекеттік қолдау шараларынан тыс қосымша қамтамасыз ету мәселелері бойынша Қазақстан халқына қайырымдылық көмек көрсету;
- төтенше жағдайлар кезінде және төтенше жағдай режимі енгізілгенде зардап шеккен халыққа көмек көрсету;
- халықтың әлеуметтік осал топтарынан мұқтаж балалар мен балалар үшін спорттық инфрақұрылымның дамуына және оның қолжетімділігін арттыруға жәрдемдесу;
- Қазақстанның аумақтық тұтастығы мен қауіпсіздігін қорғау кезінде қаза тапқан құқық қорғау органдары, арнайы органдар қызметкерлерінің, әскери қызметшілердің отбасыларын қолдау;
- Қор қызметінің өзге басым бағыттары бойынша қайырымдылық көмек көрсету.