Halyq Uni логотип
×

Демалыс күндері ауа райы қандай болады?

Еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады

 Дәурен Ерболат 17.06.2022 | 17:40
Демалыс күндері ауа райы қандай болады?
Фото: lavanguardia.com

Синоптиктер 18-20 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

18 маусымда өңірлерде жаңбыр жауады, ал 20 маусымда ауа райы бұзылады.

Оңтүстіктегі таулы аймақтарда нөсер жаңбыр, бұршақ жауып, күн күркірейді, жел күшейеді, оңтүстікте шаңды дауыл соғады. Қазақстанның батысында түнде 12-23 градус жылы, күндіз 23-36 градус жылы болады, - деп жазылған хабарламада.

18-20 маусым аралығында солтүстік-батыста ауа температурасы түнде 10-23 градус жылы, күндіз 23-33 градус, солтүстікте түнде 10-21, күндіз 25-32 градус ыстық болады.

Оңтүстікте түнде 15-20 градус, ал күндіз градус 25-30 жылы болады. Шығыста ауа температурасы түнде 5-17 градус, күндіз 23-28 градус ыстық болады деген болжам бар, - деп жазылған хабарламада.

Еліміздің оңтүстік өңірлерінде ауа температурасы түнде 15-25 градус болса, күндіз ауа температурасы 34-39 градусқа дейін жоғарылайды.

«Сондай-ақ таулы аудандарда ауа температурасы күндіз 28-35 градусқа дейін ыстық болады, оңтүстік-шығысында түнде ауа температурасы 17-25 градус жылы, таулы аудандарда 14 градус, ал күндіз ауа температурасы 28-37 градусқа дейін көтеріледі. Республиканың орталығын түнде 8-12 градус жылы болады», - деп жазылған хабарламада.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама