Астананың дәрігерлері миллион алды
Мамандар диплом, төсбелгі және медальмен марапатталды
Астанада медицина қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай «Алтын жүрек» іс-шарасы өтті.
Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі хабарлады.
Биылғы салтанатты іс-шара коронавирус инфекциясымен күрескен ақ халатты абзал жандардың еңбегіне арналды.
Мерекелік кешке қала әкімі Алтай Көлгінов, Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният, Парламент Мәжілісінің депутаттары мен басқа да қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты.
Іс-шарада денсаулық сақтау саласының 30-дан астам маманына дипломдар мен төсбелгілер табыс етілді. Сондай-ақ, 8 аталым бойынша жеңімпаздар анықталды. Олардың әрқайсысына 1 млн теңгеден ақшалай сертификат берілді. Одан кейін еліміздің медицина саласының дамуына елеулі үлес қосқан мамандар «Еңбек ардагері», «ҚР Денсаулық сақтау саласының дамуына қосқан үлесі үшін» мен «ҚР Денсаулық сақтау ісінің үздігі» медальдарымен марапатталды.