×

Биыл елімізге миллионға жуық турист келеді

Визасыз режим 100 мемлекетке беріледі

 Дастан Жұмабекұлы 17.06.2022 | 15:52
фото: inbusiness.kz

Биыл елімізге миллионға жуық шетелдік турист келеді деген болжам бар.

Бұл мәліметті астанада ашылған «Qazaqstan Live Fest – 2022» атты халықаралық көрме кезінде Мәдениет және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев берді.

Ол БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында пандемияға байланысты шекараның қайта ашылғанын, шектеулердің алынып тасталғанын айтты.

Бұған дейін Қазақстанға 74 елге визасыз режимге рұқсат берген болатын. Соны қайта қалпына келтірдік. Енді тағы 26 мемлекетке Қазақстанға  визасыз келуге рұқсат беруді жоспарлап отырмыз.

Кешеден бастап электронды виза беру қайта басталды. Қазір Иран, Қытай, Үндістан азаматтары үшін визасыз режимге рұқсат беру мәселесі қаралып жатыр, - деді Ержан Еркінбаев

Оның айтуынша, бүгінде ішкі туристердің саны 6,9 млн-ға жетіп, рекордтық көрсеткішке жетті.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама