×

Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы ТМД-да үздік деп танылды

Сауалнама 8 ай бойы жүргізіліп, оған 100-ден астам ұлттың өкілдері қатысқан

 Дастан Жұмабекұлы 17.06.2022 | 15:06
Фото: gov.kz

Францияның Париж қаласында Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы «World Airport Awards» аталымы бойынша ТМД-дағы үздік әуежай деп танылды.

Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі хабарлады.

Марапат Париждегі ЭКСПО жолаушылар терминалында табыс етілді.

Біз Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайын 2022 жылы Орталық Азия мен ТМД-дағы үздік өңірлік әуежай ретінде осы маңызды марапатқа ие болуымен құттықтаймыз. Соңғы екі жыл бүкіл әлемдегі әуежайлар үшін қиын болды. Оған COVID-19 пандемиясының кесірі тиді. Қазір әуежайлар қалыпша жұмыс істеп жатыр. Оған мысал ретінде  Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайын айтуға болады. Сондықтан да  осы сыйлықты Нұр-Сұлтандағы әуежайға беруге шешім қабылданды, – деп атап өтті Skytrax бас директоры Эдвард Плейстед.

«World Airport Awards» – әлемдік әуежайлар индустриясындағы ең беделді марапат. Үздіктер дауыс беру нәтижесінде және арнайы жүргізілетін сауалнама бойынша анықталады.

Үздіктерді анықтау үшін әлемдегі 550-ден астам әуежайдағы жолаушыларға қызмет көрсету сапасы жан-жақты сараптаудан өтті. Бұл сыйлықты мен әуежай индустриясы үшін сапа стандарты, дер едім – деді «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ басқарма төрағасы Ғабит Тәжімұратов.

Сауалнама 8 ай бойы жүргізіліп, оған 100-ден астам ұлттың әуежай клиенттері қатысқан. Зерттеуде әуежайдың клиенттерге қызмет көрсету сапасы, адамдарды рейстерге тіркеу, ұшып келу, трансфер, сатып алу, қауіпсіздік, паспорттық бақылау сияқты басқа да қызмет түрлері ескерілген.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама