Азаматтар қауіпсіздік шараларын және мемлекеттік органдар қызметкерлерінің заңды талаптарын сақтауы керек
Бүгін терроризмге қарсы күрес жөніндегі астаналық жедел штаб Целиноград аудандық жедел штабымен бірлесіп, Нұр-Сұлтан қаласы мен Ақмол ауылында лаңкестікке қарсы жоспарлы оқу-жаттығу өткізіп жатыр.
Іс-шараның мақсаты – ведомствоаралық өзара іс-қимыл дағдыларын дамыту, террористік көріністерге төтенше жағдайларды жою тапсырмаларын орындауға жедел штабтың күштері мен құралдарының дайындығын тексеру. Жаттығу әртүрлі күрделі элементтері бар жауынгерлік жағдайларға барынша жақын.
Шектеу шаралары Нұр-Сұлтан қаласында Қорғалжын тас жолы мен Домалақ ана көшесінің қиылысында, Ақмол ауылында Наурыз және Бақыт көшелерінің қиылысында қарастырылған.
Осыған байланысты азаматтар өтіп жатқан оқу-жаттығу шараларына, көліктер мен тұрғындардың қозғалысына мүмкін болатын уақытша шектеулерге түсіністікпен қарап, қауіпсіздік шараларын және мемлекеттік органдар қызметкерлерінің заңды талаптарын сақтауы керек.